Шоу-бизнес

"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)

"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде "Кешью" тобы жайлы жағымсыз пікір айтқан әжейдің видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Айтуынша аталған топ азғындалған. Ол тіпті "Кешьюді" қарғап тастады. 

"Алла Ұлық! Баян Алагөзова халыққа пайдалы іс істеді деп алдында қуандық. Ақыр аяғында өзінің ішіндегі неше түрлі азғындығын көрсетіп жатыр. Осындай топқа жол берген жоғарыдағы басшыларға, осыны ұйымдастырып жатқан "Кешью" тобына Алланың лағнеті болсын деймін тәубаға келгенше. Тәубаға келсеңдер әлбетте. Тәубаға келмесеңдер лағнетке ұшыраған күйі бұл өмірден өтіңдер. Ақырзаман болып тұр ғой", - деді ол. 

Желі қолданушылары оның бұл сөзіне ашуланып, толассыз пікір жазды. 

"Апа сізге не керегі бар? Жастарға ұнайды", "21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Сіз сияқты кимешек киетін жасқа келгенде қояды", "Қарғыссыз-ақ айтуға болады ғой", "Басқа айтатын әңгімеңіз жоқ па?", "Құдай сақтасын, қарғамаңыз", "Халыққа ұнайды", "Жастарда неңіз бар?", "Жай ма сіздікі?", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық