Желіде әнші Тоқтар Серіковтің сұхбаты тарап, қоғам талқасына түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Әнші сұхбаттың өзінің анасына тым жақын екенін айтқан.
"Мен шешемнің аяғынан сүйемін. Өзімнің бала-шағам болса да омырауына қолымды салып жіберіп ұстаймын, сүйемін. Оның несін жасырайын? Менің шешемнің қанша өмірі қалғанын білмеймін, әліден қимастық бар. "Анашым" деген нөмірдің бір күні тұтқасын біреу көтермей қояды. Уақыты келеді. Мен соның алдын алғым келіп құшақтаймын, сүйемін. Ауылдан қайтар кезде бір-бірімізге мөлтиіп қарап жылап тұрамыз. Айтып жеткізе алмайтын дүниелер. Барында бағалау керек. Ағайынды, туған-туысқанды, бауырларды бағалай білейік", - деді ол.
Желі қолданушылары Тоқтар Серіковтің бұрын берген сұхбатында айтқанын жаппай сынай жөнелді.
"Омыраусыз махаббатты, сыйластықты көрсетуге болмай ма", "Кейбір адамдардың сұхбат бермей жүре бергені дұрыс", "Дұрыс қабылдай алмай тұрмын", "Омырауы несі? Құдай сақтасын", "Сұмдық қой, не деп отыр", деді пікір білдірушілер.