Шоу-бизнес

"Кездесуге шақырды": блогер Димаш Құдайбергенмен жақын қарым-қатынаста болғанын айтты

"Кездесуге шақырды": блогер Димаш Құдайбергенмен жақын қарым-қатынаста болғанын айтты

Белгілі блогер Сабина Мовлаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен арадағы таныстығы мен қарым-қатынасы жайлы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Сабинаның сөзінше, ол Димашты бала күнінен жақсы біледі. Екеуі Ақтөбедегі филармонияға бірге барып, бір ортада өскен. Сонымен қатар блогер уақыт өте келе араларында жақын араласқан кезеңдер де болғанын айтты.

«Димашты өте жақсы танимын. Біз кішкентай кезімізден таныспыз, бір ортада өстік. Кейін бірнеше рет кездесуге де шыққанбыз. Бірақ бұл оның танымал болуына дейін болған жағдай. Қазір оған хабарлассам, жұрттың бәрі оны басқа қырынан қабылдап, түрлі әңгіме шығарып жіберуі мүмкін», – деді блогер.

Барлық жаңалық