Шоу-бизнес

"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды

"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды

Екі аптадан бері қоғамдың пікір екіге жарылып, бір тарап продюсер Баян Мақсатқызын, ал қарсы тарап әнші Мөлдір Әуелбекованы жақтап, қызу талқы жүріп жатыр. "Мөлдірге буллинг жасады" деген пікірді жақтап, өз ойын ортаға салған журналист Ләйлә Сұлтанқызы жұрттан оңбай сөз естіп қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Threads  желісінде "Ех,Нучи біреуге күлмей-ақ қойса ғой…"деген жазбасы үшін кейбіреулер Ләйлә Сұлтанқызының өзін сынап жатыр. 

Еске салып өтейік, ННучи есімді блогер, дизайнер "Ұстазым", "Моля, не нервируй меня" деген жазбамен футболка киіп, оны Баян Мақсатқызы да сөз еткен жағдай орын алған болатын. 

Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында  осы видеоға қатысты бір ғана сөйлем жазды. Әйтсе де, журналистің бұл жазбасы жұртқа жақпай қалды. 

"Очко жинамай ақ қойыңызшы", "нучиға ғана күші жете ме?", "мықты болсаң, Баянға айтсаңшы", "сіз сияқтылар Мөлдірге түсіністікпен қарайды ғой", "жыртық тесікке күліпті" дегенге саятын пікір жазған жұрт реніш білдіруде. 

Барлық жаңалық