Шоу-бизнес

"Жылағаннан сөйлей алмай жатыр": Гүлзира Айдарбекованың сіңілісі қайтыс болды (ВИДЕО)

"Жылағаннан сөйлей алмай жатыр": Гүлзира Айдарбекованың сіңілісі қайтыс болды (ВИДЕО)

Продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желіде көңіл айтып, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Өнер иесі марқұмның қазасын естіп, қатты күйзелгенін жасырмады. 

«3 күннен бері @saule_bazarkhan Сәуле сіңілім әрі құрбымды сторисіме салып жатқаным, қуанған да, қайғырған да сәтімізді де жасыра алмайтынымыз рас, сіздермен бөлісеміз. Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым, “Гулеке” деп ыржитып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай. Ташкентке концертке құда-құдағиларымызбен бірге барып, ары қарай бірге демалыс орындарына барып демаламыз деп, келісіміз бойынша Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшқанбыз. Ұшақтың қонғаны сол, қаншама пропущенный звонок. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай звондай берген ғой. Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Сәулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді», – деп жазды продюсер. 

Сондай-ақ ол марқұммен қоштасу сәтін еске алып, жиналған жұрттың қайғыдан қабырғасы қайысқанын айтты. 

«Үйіне бардым, кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді. Кешкі қонақ асына бауырлары, құрбыларым жиналып күтіп отыр екен, жылау да жылау болып түнде үйімізге тарадық. Бүгін Ташкентте концертіміз, Жұлдыз, Заңғар, Индираға сендер жаназасына, құранға барыңдар, Сәуле туған сіңлімдей жақын екенін білесіңдер деп, өзім амалсыз қайта ұшып кеттім, иә, анашым деп түгел барып, көңіл-күйлері түсіп қайтты. Келгендердің бәрі, ерлер де, әйелдер де егіліп жылап, тіптен сөйлей алмай қимастықтарын білдірді», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Барлық жаңалық