Шымкентте 12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жеке үйдің аумағындағы терең құдыққа құлаған баланы құтқару операциясын жүргізді. Министрліктің мәліметінше, 14 жастағы бала кездейсоқ шамамен 12 метр тереңдіктегі құрғақ құдыққа құлап кеткен.
Оқиға орнына келген құтқарушылар баланы арнайы жабдықты пайдаланып көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Әзірге баланың жағдайы туралы ақпарат жоқ.