Оқиға

Үш адам ажал құшты: ШҚО-да қайғылы жағдай болды

Үш адам ажал құшты: ШҚО-да қайғылы жағдай болды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайка кентінде жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оқиға 6 мамырда түнде болды. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ-21100 маркалы көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған, — делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл қайғылы жағдай шағын кент үшін ауыр соққы болды. Жергілікті әкімдік өкілдері қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Марқұмдардың туғандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бекем болыңыздар, — делінген хабарламада.

к

Барлық жаңалық