📰 Сарапшылар пікірі

Трамп Қытай мен Үндістанға 100 пайыз қарсы шықпақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық одаққа үндеу жасап, Қытай мен Үндістанға қатысты қатаң шаралар қабылдауға шақырды. Ол ресейлік мұнай сатып алатын елдерге қарсы 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі кедендік тарифтер енгізуді ұсынды. Алайда Вашингтон бұл қадамды Еуроодақпен келісілген жағдайда ғана жүзеге асыруға ниетті екенін мәлімдеді, деп сараптайды Ozgeris.info.

DW және AFP агенттіктерінің мәліметінше, Трамптың ұсынысы АҚШ пен ЕО арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерде айтылды.

Трамп ресейлік мұнай саудасы Мәскеудің әскери бюджетінің басты көзі болып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, Қытай мен Үндістан Ресей экономикасын қолдап отыр, ал бұл соғыстың жалғасуына ықпал етеді. Сол себепті ол ресейлік мұнай сатып алушы елдерге қарсы қатаң тарифтерді тез арада енгізу қажет деп санайды,  дейді  агенттік. 

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент, Сауда өкілдігі мен Мемлекеттік департаменттің өкілдері қатысқан кездесуде екіншілік санкциялар тақырыбы да көтерілді. Қазір АҚШ Конгресінде 85 сенатор қолдаған заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжат президентке Ресеймен сауда жасайтын елдерге қарсы қосымша тарифтер енгізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін Еуропарламенттің саяси ерік-жігері аса маңызды.

Еуропалық одақ қазірдің өзінде Ресейге қарсы 19-пакеттік санкциялар пакетін дайындап жатыр. Бұл жаңа құжат Ресейдің қаржы көздерін қысқартуға бағытталған. ЕО-дағы дипломаттардың айтуынша, Германия мен Франция санкцияларға ресейлік «Лукойл» компаниясын қосуды ұсынып отыр. Сонымен қатар, жаңа пакет Ресеймен жанама түрде жұмыс істеп отырған және оған шектеулерді айналып өтуге көмектесетін үшінші елдерге қарсы да қосымша шаралар енгізуді көздейді,  дейді  агенттік сарапшылары. 

Дональд Трамптың мұндай бастамасы соңғы уақытта Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерінің күшеюімен тікелей байланысты. 7 қыркүйекте Трамп Мәскеуге жаңа санкциялар енгізуге дайын екенін айтып, ресейлік мұнай сатып алуды жалғастырып отырған елдерге қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. 8 қыркүйекте Скотт Бессент X әлеуметтік желісінде

  Біз барлық мүмкін нұсқаларды қарастырамыз. Бұл мәселе Трамп әкімшілігі үшін маңызды екенін білеміз,  деген еді. 

Айта кетейік, тамыз айының басында Трамп Үндістанға қарсы 25 пайыздық кедендік тарифтер енгізген болатын. Бұл шешім Үндістанның ресейлік мұнайды белсенді түрде сатып алуы себепті қабылданды. Кейінірек бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін көтерілді.

3 қыркүйекте Еуропа елдерінің жетекшілерімен өткен келіссөздерде Трамп Қытайға қысым жасау қажеттігін баса айтты. Оның айтуынша, егер ЕО Қытай билігін ресейлік мұнай мен газ сатып алуды тоқтатуға мәжбүрлемесе, Ресейге қарсы санкциялардың тиімділігі төмен болады. Сондай-ақ Трамп Еуроодақ елдеріне де ресейлік мұнай импортын толық тоқтатуды талап етіп отыр. Оның ойынша, ЕО тарапынан жасалатын мұндай қадам Мәскеудің соғыс шығындарын қысқартуға ықпал етеді.

АҚШ Энергетика министрі Крис Райт Еуропаның да өз саясатын өзгертуі қажет екенін мәлімдеді.

– Егер ЕО ресейлік мұнай мен газды сатып алуды жалғастыра берсе, Вашингтонның Мәскеуге қарсы қосымша санкциялары жеткілікті әсер етпейді,  деген-тұғын. 

Сарапшылардың айтуынша, Трамп әкімшілігінің жаңа стратегиясы Ресейдің энергетикалық экспортынан түсетін табысын барынша азайтуға бағытталған. Алайда бұл шараларды жүзеге асыру үшін АҚШ пен Еуроодақтың ортақ саяси ұстанымы шешуші рөл атқарады.

Барлық жаңалық