Шоу-бизнес

"Түзу сөйлеуді білмейді": белгілі ақын Жүрсін Ерман туралы жазды

"Түзу сөйлеуді білмейді": белгілі ақын Жүрсін Ерман туралы жазды

Ақын Мұхтар Ниязов айтыстағы әкесі Жүрсін Ерман туралы жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол ақынның қисық сөйлеген кезін есіне алды. 

"Жүрсін аға ауырып қалғаннан кейін арбадан аяқ көтеріп, аздап таяққа сүйеніп жүріп жүрген кезінде бір айтысқа бірге бардық. Қай облыс екені нақты есімде жоқ. Айтыс өтетін сарайға кіре берісте бір кісілер жолығып қалып, сәл темекі шегіп аялдап тұрған. Іштерінен бір кісі:
-Жүке, денсаулық қалай, аяқ жақсы ма? - деп еді. Бұл кісі түзу сөйлей ма) 
-Шүкір, жаман емес. Бірақ адам арманына толық жету үшін екі аяқ аздық етеді екен,- деді. Ана кісінің ойында ештеңе жоқ:
-Төрт аяқ дұрыс па, сонда,- десе, Жүкең:
-төрт аяқ болса да мал болып кетесің ғой, үшеуі дұрыс қой сол, екі аяқ, бір таяқ,- деп ішке қарай кетіп бара жатыр)) Ол кісілер де қыран-топан күлген күйі қалып кетті", - деді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақынның тапқырлығына риза болды. 

Барлық жаңалық