Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жаңа құдалары әкелген сый-сияпаттарды көрсетіп, жазба жариялады. Өнер иесі құдаларына ақжарма алғысын білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сондай-ақ видеодан жаңа құдалардың әншінің қызына қалыңмалға 15 миллион теңге бергенін көруге болады.
«Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір сыйына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!» – деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бақыт тілеуде.
Сонымен қатар, құдалардың берген қалыңмалының мөлшеріне сын айтылып жатыр.
"Құтырғандар-ай. Мақтаншақтар. Біреулер аш отыр. Есіргендер", – деп жазды бір қолданушы.
Тағы бір желі қолданушысы қалыңмалдың мөлшеріне қатысты ойын ортаға салды.
"15 млн артық емес пе? Қалыңмал деген тек салт-дәстүр ғой. Қанша жерден бар болса да, елмен бірдей болған дұрыс шығар. Менің қызыма 15 млн алып келеміз десе, қарсы болар едім. Сол ақшаны қызымды алған соң да аялап, көңілін қалдырмай отырғаны дұрыс. Дегенмен, екі жасқа бақыт тілеймін, жұптары жазылмасын!" – деп пікір қалдырған.