Танымал әнші Алтынай Жорабаева құдалық жасап, есік көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол өзінің қызын ұзатқалы жатыр.
Құдалықта "қыз көрсету", "күйеубалаға төс жегісу" дәстүрлерін жасаған.
Алайда желі қолданушылары оның ұзатқалы жатқан қызының киімін сынап тастады.
"Салты қазақтікі, киімі арабтікі", "Үстіне не киіп алған?", "Ұзатылатын қыз аппақ болып, жарқырап шықпай ма екен", "Қазақтың ұлттық киімімен шығатын жөні ғой", "Қап-қара қылып не кигізіп қойған?", "Ашық түсті киім кисе болмайтын ба еді?", "Тұмшаланып не болды сонша?", "Жап-жас болып оранып", - деп жазды оқырмандар.