Қызметінен кеткен Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг оның орнына Apple компаниясының бұрынғы басшысы Тим Кук келуі мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Аңыздың орнын аңыз басады!» – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ Трамп Дженсен Хуангтың атқарған жұмысын жоғары бағалап, оның «керемет жұмыс істегенін» айтты.
Тим Кук Apple компаниясын 15 жыл басқарды. Ол биыл 1 қыркүйекте қызметінен кеткен. Оның орнына Apple компаниясында көп жылдан бері жұмыс істеген, аппараттық құралдарды әзірлеу жөніндегі бұрынғы вице-президент Джон Патрик Тернус тағайындалды.