Шоу-бизнес

«Біздің қарақалпақтың қызы»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлты туралы күтпеген ақпар шықты

«Біздің қарақалпақтың қызы»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлты туралы күтпеген ақпар шықты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстанда түскен суреттері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары актрисаның ұлты мен шыққан тегіне қатысты түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

TikTok желісіндегі SHYNDYQ MEDIA парақшасында Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстанда жүрген сәтінен бірнеше сурет жарияланған. Кадрларда актрисаның үлкен кісілермен дастарқан басында отырғанын, оларды құшақтап, естелік суретке түскенін көруге болады.

Жарияланым авторы «Жұлдыз біздің қарақалпақ қызы» деп жазып, актрисаның Қарақалпақстанмен байланысына назар аударған.

Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі Жұлдыздың қарақалпақ екенін айтса, енді бірі оның шыққан тегіне қатысты басқа мәліметтер келтірген.

«Бәсе, қазақ руға бөлінбеген деп қоймап еді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

«Қарақалпақ ол – ұлт. Қазақ емес, өзбек, грек, қырғыз деген сияқты жеке ұлт!», – деп пікір қалдырған тағы бір оқырман.

Ал кейбір желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың да Қарақалпақстанмен байланысы бар екенін алға тартқан.

«Қайраттың өзі де сол жақтан емес пе? Түркістанға көшіп келген емес пе?», – деп сұрақ қойған оқырманға өзгелері әншінің анасының шыққан тегі туралы пікір білдірген.

«Қайраттың мамасы да Қарақалпақстанның Хожелі деген жерінен деп еститінбіз», – деп жазған желі қолданушысы.

Дегенмен пікірлерде айтылған бұл мәліметтер ресми түрде расталмаған.

Желіде Қарақалпақстанның мәртебесіне қатысты да сұрақтар туындады. Оқырмандардың бірі оның қай елге қарайтынын сұраса, өзгелері Қарақалпақстан Өзбекстан құрамындағы автономиялық республика екенін түсіндірген.

Осылайша Жұлдыз Әбдікәрімованың қарапайым отбасылық суреттері әлеуметтік желіде оның шыққан тегі мен Қайрат Нұртас отбасының тамырына қатысты қызу талқыға ұласты. Әзірге актрисаның өзі жарияланымдағы мәліметке қатысты пікір білдіргені туралы ақпарат жоқ.

Барлық жаңалық