🌐 Әлем

Түркияда ұшақ құлап, бірнеше адам ажал құшты (ФОТО)

Түркияда ұшақ құлап, бірнеше адам ажал құшты (ФОТО)

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатья провинциясында 12 қарашада S-70 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан борттағы 4 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

«S-70 тікұшағы әзірге белгісіз себеппен Малатья провинциясында апатқа ұшырады. Борттағы барлық әскери қызметкеріміз қаза тапты», – деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі.

TRT Haber телеарнасының мәліметінше, апат Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын жерде болған. Тікұшақ құлағаннан кейін жарылыс тіркелген. Апат болған аумақта тұрғын үйлер жоқ.

S-70 (Sikorsky S-70, Black Hawk) – Түркия армиясының қару-жарағында тұрған көп мақсатты әскери тікұшақ.

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Барлық жаңалық