Шоу-бизнес

Танымал блогер ұлттық арнадағы әнімен сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал блогер ұлттық арнадағы әнімен сынға қалды (ВИДЕО)

Желіде Бота Миа есімді танымал блогердің жаңа жылдық тележоба аясында ұлттық телеарнада ән шырқаған сәті қызу талқыға түсті. Видеоны көрген жұртшылық оның өнеріне екіге бөлінді деп жазады Оzgeris.info.

 

Көпшілік әлеуметтік желіде «ұлттық арнада кәсіби әншілер ғана өнер көрсетуі керек» деп пікір қалдырып, блогердің бұл бағдарламаға шақырылуын құптамады.Олардың айтуынша, соңғы уақытта түрлі жоба мен бағдарламаларда мамандық иесі емес адамдардың сахнаға жиі шығуы «кәсібиліктің құнсыздануына» алып келіп жатыр.

 

«Кім көрінгенді ала береді», «Барлығы әнші болып кеткен», «Блогерлердің енді ән айтуға не қатысы бар?»,– деген сын пікірлер көптеп жазылған.

 

Сонымен қатар, кейбір қолданушылар Бота Миаға қолдау білдіріп, әр адамның шығармашылыққа талпынуға құқығы бар екенін де атап өтті. Алайда негатив пікір басым түскен.

 

Барлық жаңалық