Жаңалықтар

Сұмдық! Ақтөбеде әкімнің мәйіті табылды

Сұмдық! Ақтөбеде әкімнің мәйіті табылды

Ақтөбе облысының Темір ауданында ауыр жағдай тіркелді. Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов өмірмен қош айтысты. Қырық үш жастағы шенеуніктің жансыз денесі алтыншы мамыр күні таңертең өз үйінен табылды. Бұл ақпаратты аудандық әкімдік өкілдері растап отыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Тәртіп сақшылары болған оқиғаға қатысты ешқандай егжей тегжейлі мәлімет берген жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов марқұмның соңғы апталарда денсаулығына байланысты ем қабылдағанын жеткізді. Қуанышбек Серікжанов еңбек демалысынан кейін қызметінен біржола кеткісі келетінін айтқан екен. Ол төртінші мамыр күні басшылыққа келіп ауырып жүргенін және бұдан былай жұмысқа шықпайтынын мәлімдеген. Әріптестері оған бұл шешімін тағы бір мәрте ойлануға уақыт беріпті.

Марқұм мемлекеттік қызмет саласында 2014 жылдан бері еңбек етіп келген. Кеңқияқ ауылдық округін 2023 жылдың қазан айынан бастап басқарды. Қаза болған азаматтың артында төрт баласы қалды.

Айта кетерлігі Темір ауданында осыған ұқсас жағдай бұған дейін де орын алған. 2025 жылдың желтоқсан айында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов қайтыс болды. Ол кезде де шенеунік өз өмірін қиды деген ақпарат тараған еді.

Барлық жаңалық