Шоу-бизнес

«Сотқа беремін»: Баян Алагөзова журналист Данаға шүйлікті

«Сотқа беремін»: Баян Алагөзова журналист Данаға шүйлікті

Продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаева туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты. 

"Дана Орманбаева әлі де іздеуде. Оны неге іздеп таппайтынын түсінбеймін. Ол Дубайды тұрып жатыр ғой деймін. Онымен желіде ұрысудың пайдасы жоқ. Мен оны сотқа беріп, екі рет жеңіп шыққам. Ол маған айыппұл төлеп, сотқа кеткен шығындарымды өтеді. Бірақ мен әлі күнге одан кешірім күтіп жүрмін. Егер ол ел алдында менен кешірім сұрамаса тағы да бір сот болады. Мен ол адаммен тек заң арқылы сөйлесу керек екенін түсіндім", деді ол. 

Барлық жаңалық