Танымал Ақтөбелік Бағдагүл емші қытайлық кәсіпкер Ерсайға қарсы шықты, , деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша Ерсай халықты алдап отыр.
"Ата заң қайда, мына әйелді жазалайтын? Саудагер Ерсай, олай халыққа жаның ашымасын. «Алтын ұтам» деп қанша қиналған адам ұрынады. Сайқымазақ әңгімеңді тоқтатыңыз!
Қытайға барып, дәл солай айтып көр! Сені өлім жазасына кеседі ол жақта, заң күшті. Біздің елде жемқорларды, халықты алдап соққандарды ақшамен ауызбастырық беріп отырсын.
Оян, қазақ! Қу түлкіге алданбаңдар! «Ол неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық». Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе? «Ата жұрт» деп сылтаулатып?
Қытайдың тілін біліп, заңсыз әрекетке көшкен айлакер. Сендейлерді елден қуып шығып, сол елдің заңына тапсыру керек. Сонда көрейін бұлай сайрағаныңды, сұмырай!
Ата-бабаның кіндік қаны тамған еліңді осылай тонауға келдің бе? Нағыз шіріген жұмыртқа екенсің, қу түлкі. Қанша адам Қытайдан әкеліп, саудасын дөңгелетіп жатыр, шүкір. Бірақ сен сияқты құлақтан теуіп алдап сатып жатқан жоқ. Өйтіп өтірік жаның ашымасын. Қытайдың тілін біліп, ата жұртқа жаны ашыған болып келіп, қара, бұны тілі сұмданып, айласын асырғысы келеді. Заңсыз әрекетіңді әшкерелеп, атқа теріс қаратып, елден қуып шығатын уақыт келді сені. Басынба қара халықты, қалтаңды қампитып алып, жемқорлармен барлық жерді сатып алғансың ба? Бұл неғылған айылын жимайтын әйел??? Сен алтын сырға тақпасаң, құлақтарың түсіп қалмас, Алдар Көсе болмасаңшы!", - деп жазды ол.