Нұр-Сұлтан қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығы таныстырылды. Жаңа орталықты құрудың мақсаты – 2023-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белсенді жәрдемдесу.«Агенттік құрылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығына үлкен үміт артады, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде талдамалық жұмысқа, сондай-ақ тұтастай алғанда норма шығармашылық қызметке жаңа пәрменді серпін береді деп есептейді»,–деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов. «Орталық өз алдына елімізде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ғылыми негізділігін нығайту үшін барлық ғылыми-зерттеу әлеуетін жұмылдыру бойынша міндет қояды. Орталықтың қызметі бірнеше бағыт бойынша белсенді дамитын болады: жобалық кеңсе, аналитика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сараптама», – деп атап өтті КАЗГЮУ провосты Сергей Пен.
Сондай-ақ, ғылыми сараптама және талдау институты мемлекеттік органдар, өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық индексінің нәтижелерін ұсынды.Бұл туралы Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры, з.ғ.д., профессор, ҚР құрметті заңгері Марат Қоғамов айтып берді: «2022 жылдың бірінші тоқсанында сарапшылар 1822 жобаны зерттеді, өткен кезеңмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық деңгейі 32%-ға өсті». Нормативті құқықтық актілержобаларының сапасы төмен 5 мемлекеттік органның тобына Индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктері және бірқатар әлеуметтік бағыттағы министрліктер кірді.
"ozgeris.info".