Жаңалықтар

Ролан Гаррос турнирі: Александр Шевченко бес сеттік матчта жеңіске жетті

Ролан Гаррос турнирі: Александр Шевченко бес сеттік матчта жеңіске жетті
Қазақстанның екінші, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 82-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен бетпе-бет келдік. Бес сетке созылған тартысты матчта Шевченко 6:4, 4:6, 1:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 3 сағат 15 минутта қазақстандық спортшы 13 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Карацев 1 эйс, 8 брейктен (22 брейк-пойнт) аса алмады. Александр Шевченко үшінші айналымға өту үшін әлемнің 79-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен таласады. Фото: Теннис федерациясы
Барлық жаңалық