Жаңалықтар
“Қызды басынан ұрып, дәрігерге тапанша кезеді”: СҚО-да үш жасөспірім балалар ауруханасына баса-көктеп кірген
24.10.2023
207
Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына үш жасөспірім баса-көктеп кіріп, дәрігер мен сырқат қызды соққыға жыққан. Сондай-ақ медициналық қызметкерлерге "тапанша" кезеп, қоқан-лоққы көрсеткен.
СҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Аймановтың айтуынша, оқыс оқиға бүгін, шамамен 11.30 минут кеткенде болған. Ауруханасының негізгі есігінен 17-18 жастағы үш бозбала кірген. Олар медициналық қызметкерлердің ескертуіне қарамастан ішке өтпек болған. Олардың тоқтатуына боқтық сөз айтқан, есік алдында отырған күзетшіге қоқан-лоққы жасаған. Осылайша екінші қабатқа көтерілген.
"Айтуларынша, жасөспірімдер аяғы сынып ем алып жатқан 15 жастағы дос қыздарына келген. Оны палатадан коридорға алып шығып, кушеткаға отырғызып, басынан ұра бастаған. Дәрігерлер, медициналық қызметкерлер бозбалаларға ескерту жасады. Сол кезде 17 жастағы А. деген жасөспірім қасында отырған қыздың балдағын алып, оның үшкір басымен невропатологтың ішінен ұрған. Осыдан кейін қалтасынан тапанша алып шығып, қорқытып, боқтық сөздер айтып бірінші қабатқа түскен. Қашып бара жатып, есікке соғылып, оның әйнегін шақты. Сынған әйнек қолын кесіп, бүкіл айнала қан болды. Мұны көрген басқа балалар қатты қорқып, олардың моральдық жағдайына әсер етті. Ол екінші есікті де сындырып, пистолетпен қорқыта отырып қашып кетті", – дейді Нұрлан Айманов.
Аурухана басшысының айтуынша, оқиға орнына шақыртумен полиция келіп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Бұл біздің ауруханада болған бірінші жағдай емес, осындай төртінші оқиға. Бірақ бірінші рет тапанша кезеп, қыз бен дәрігерімізді ұрып кетті. Бұл – ақылға сыймайтын нәрсе. Сондықтан полицияға арыз жаздық. Дәрігер қазір ем алады. Медициналық қызметкерлеріміз орасан психо-эмоционалдық стресс алды. Сондықтан үйлеріне жіберілді. Ертең сот-медициналық сараптама жүргізіп, невропатолог дәрігердің денсаулығына келтірілген нұқсан деңгейі анықталады", – дейді Нұрлан Айманов.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты ақпарат таратты.
"23 қазан күні сағат 12:05-те Петропавл қаласының полиция басқармасына белгісіз адам медициналық персоналға тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасының мүлкіне зақым келтірді деген хабарлама келіп түсті. Қызметкерлер кәмелетке толмаған 17 жасар баланы анықтап, ұстады, оның сөмкесінен ойыншық тапанша табылып, тәркіленді. Аталған факт "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – делінген баспасөз хабарламасында.
Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
-
"Отырғанның бәрі әртіс": Алмат Сақатов неге депутат болмайтынын айтты (ВИДЕО)10:49, 17 шілде 2026
-
«Құрмет» орденінің иегері Атырау облысының әкімі болып сайланды10:16, 17 шілде 2026
-
-
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінен босатылды09:42, 17 шілде 2026
-
-
7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында қайғылы жағдай болды02:00, 17 шілде 2026
-
15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанды00:00, 17 шілде 2026
-
-
«Ресми табыстады»: Тоқаев белгілі әншіні арнайы құттықтаған20:41, 16 шілде 2026
-
-
"Жат болып кетеді екен": Айгүл Иманбаева күйеуінен бөлек тұрып жатқанын айтты (ФОТО)17:18, 16 шілде 2026
-
Маңғыстау халқы Джеки Чаннан жалынып көмек сұрады18:26, 16 шілде 2026
-
"Оң жағым тырысып істемей қалады": блогер Ырысбала денсаулығының нашарлағанын айтты15:28, 16 шілде 2026
-
-
-
Сәбиін унитазға ағызып жіберген: Астанада 29 жастағы әйел ұсталды12:00, 16 шілде 2026
-
«Ресми табыстады»: Тоқаев белгілі әншіні арнайы құттықтаған20:41, 16 шілде 2026
-
-
-
7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында қайғылы жағдай болды02:00, 17 шілде 2026
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
"240 мың төлеген": Қайрат Нұртас кішкентай қызды қонақүйге шақырған (ФОТО)14:16, 10 шілде 2026
-
"Жүрегім тарсылдап тұр": Айгүл Иманбаева пышаққа түсетінін айтты (ВИДЕО)16:37, 13 шілде 2026
-
"Иманғали ағамыз ұрысты": Тұрсынбек Қабатов Тасмағамбетовтен сөз естігенін айтты11:06, 13 шілде 2026
-
"Отбасындағы жағдай дұрыс емес": Данияр Елеусіновтің менеджері шындықты айтты11:22, 10 шілде 2026
-
-
"Мойындау керек!": Димаштың анасы Алтайда болған жайтқа қатысты пікір білдірді17:11, 14 шілде 2026
-
"Қасіреттен қан жұтып жүр": Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыраның жағдайынан хабар берді15:01, 21 маусым 2026
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Ол кез келген қадамға барады": Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі бар былығын ашты11:16, 26 маусым 2026
-
“Бәрін біліп отырсыздар!”: Төреғалидің әйелі зілді жазба жариялады14:32, 22 маусым 2026
-
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Келінді аяп кеттім": Сәкен Майғазиев немересінің анасына құрметсіздік көрсеткен (ВИДЕО)09:00, 19 маусым 2026
-
Динара Сәтжан кәсіпкердің бұрынғы әйеліне мысқылмен жауап берді15:53, 26 маусым 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026