Жаңалықтар

Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы 2 айға қамауға алынды

Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы 2 айға қамауға алынды
Талдықорған полиция департаментінің бастығы Марат Көштібаев түрмеге қамалды. Оған 27 жастағы қызды зорлаған деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 
Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды, деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.
Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Барлық жаңалық