Танымал әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында жаға ұстатарлық видео жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өнер иесі үйінің маңынан тағы да дуа жасалған заттар тауып алған. Екеуі де ішінде өзінің суреті жасырылған қуыршақтар.
"Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін.Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге,қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, жүрек бәрібір де сезеді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары шошып, түрлі пікір жазуда.
"Құдай сақтасын", "Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле", "Көріне асыққан біреу шығар", "Не деген тасжүрек адамдар", "Осылардың істейтін басқа ісі жоқ па", "Өзіне тиеді бәрі", "Алла сақтасын", "Неге полицияға арыз жазбайсыз", - деп жазды оқырмандар.