АҚШ Сенатының банк комитетінің төрағасы Тим Скотт Nvidia компаниясының бұрынғы басшысы Дженсен Хуангты 3 желтоқсанда өтетін ашық тыңдауға қатысуға шақырды. Ол Хуангқа ресми хат жолдап, тыңдауда куәлік беруді сұраған,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған Хуангтың Қытай барлау қызметімен байланысы бар деген күдікке ілінген Қытай азаматы әйелмен көңіл жарастырғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпараттар себеп болған.
Сенатордың айтуынша, бұл мәліметтер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен ел үшін стратегиялық маңызы бар технологияларды қорғауға қатысты елеулі алаңдаушылық туғызады.
«Мен Дженсен Хуанг пен Сауда министрі Говард Латниктің Сенаттың банк комитетінде куәлік беруін сұраймын», – деп жазды Тим Скотт X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.