Тағы бір айта кетерлігі емдеу мекемесінде қызмет атқаратын барлық мамандар мен қызметкерлер түгелдерлік ауыл тұрғындарынан тартылып отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттің жұмыспен қамту бағдарламасының сәтті бір тұсы екендігін баса айтқан жөн.
«Ауыл тұрғындары үшін алыстағы медициналық орталықтарға қатынау үлкен қиындық туғызып келгені шындық. Оның қатарында өзім де бармын. Жасы үлкен кісі болғандықтан үнемі дәрігерлердің бақылауында болған дұрысқой. Енді міне осы емханаға тіркеліп алдым. Ал ауылымызда жастар көп. Тәуба. Олардың балаларының тең жартысы қалаға Астанаға барып қаралатын. Енді міне өз ауылымызда Астанадағыдан еш кем емемес емханамызбар. Қуаныштымын әнине. Осы іске бастамашыл болған азаматтар, Салтанат ызымызға разымыз», - дейді ашылу салтанатына шашу шаша келген апамыз Гауһар Шерияздан.
Емхана Астана қаласындағы эндохирургиялық емхана меңгерушісі, елорда мәслихатының депутаты, облыс әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Салтанат Дженалаеваның тікелей бастамасының арқасында қолға алынып, сәтті жүзеге асқанын атап өткен жөн.
Қояндыдағы отбасылық денсаулық орталығы толығымен оның жеке қаражатына салынды. Салтанат Мұқанбетпанқызы Мемлекет басшысының Қазақстан ауылдарының миллионнан астам тұрғынын алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізу туралы шешімін түбегейлі қолдап, жүзеге асырушы болып отыр.
Бердібек Хабай