Қоғам

Қазақстан ТМД елдерімен іздеу жұмыстарын электронды форматта жүргізеді

Қазақстан ТМД елдерімен іздеу жұмыстарын электронды форматта жүргізеді

Құрылтай ТМД елдері арасында адамдарды мемлекетаралық іздестіру кезінде электронды ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін хаттаманы ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Хаттамаға тараптар 2024 жылғы 8 қазанда Мәскеуде қол қойған. Ол 2010 жылғы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы келісіміне өзгерістер енгізуді көздейді.

Құжатқа сәйкес, Достастық елдерінің құзыретті органдары іздестіру жұмыстары кезінде қажетті ақпаратты электронды форматта алмаса алады. Бұл іздеудегі адамдардың жүрген жерін анықтау және оларды табу бойынша бірлескен шараларды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Электронды ақпарат алмасу сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүргендерге, хабар-ошарсыз кеткендерге, сондай-ақ туыстарымен байланысын жоғалтқан немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын азаматтарды іздестіруге қатысты қолданылады.

Хаттаманың ратификациялануы ТМД елдері арасында іздестіру кезінде электронды деректер алмасудың құқықтық негізін қалыптастырады.

 

 

Барлық жаңалық