Қоғам

«Шаңырақтың шамы сөнді»: Танымал директор жан қиналысымен бөлісті

«Шаңырақтың шамы сөнді»: Танымал директор жан қиналысымен бөлісті

Ақмоншақ Нұртаза 14 баланың қазасына байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Директор Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында 14 баланың арманы орындалмай, 14 шаңырақтың шамы сөнгенін жазды.

«Адам өмірі – жай ғана сан да, есеп те емес. Әрбір тағдырдың артында үмітін үкілеген әке, перзентін күткен ана, сүйген жары, есікке телмірген баласы бар», – делінген жазбада.

Оның айтуынша, уақыт өткен сайын жүректегі сыз басылмайды. Мұндай ауыр сәттерде адам амандығы мен денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ екенін тереңірек сезінеді.

«Бүгін қасыңыздағы адамға бір сәт қарап, “Аман болшы…” деп айтыңыз. Кейде адамға одан артық тілек те керек емес. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер», – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Барлық жаңалық