Қоғам

Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күресте бірлесіп жұмыс істейді

Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күресте бірлесіп жұмыс істейді

Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Құжат 2024 жылғы 29 қазанда Дохада жасалған. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, келісім екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.

«Келісім ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен экстремизмге, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты реттейді», – деді Санжар Әділов.

Келісім күшіне енген жағдайда екі елдің құзыретті органдары қылмыстық іс қозғалғанға дейін жедел ақпарат алмасып, іздеуде жүрген адамдар туралы мәліметтерді тексере алады. Сондай-ақ киберқылмыс пен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, тәжірибе мен технология алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі қарастырылады.

Барлық жаңалық