Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланған атыраулық хакерге алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылды. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Қазіргі таңда алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылды. Қазір іс сотқа дейінгі тергеу сатысында. Тергеуге қатысты өзге ақпаратты жария етуге құқығым жоқ», – деді Санжар Әділов.
Атыраулық хакердің аты Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының хабар-ошарсыз жоғалуынан кейін көпшілікке белгілі болған. Сол кезде ол жоғалған отбасы мүшелерінің қайда болуы мүмкін екені туралы болжам жасап, кейбір деректерді жариялаған.