Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады. Президент қаламгерлерге арнайы марапаттар табыстау рәсімінде сөз сөйледі. Билік медиа саласы мамандарының тынымсыз еңбегін өте жоғары бағалайды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты
Бұл мамандық иелері қоғамда айрықша маңызды рөл атқарады. Тілшілер қауымы халықты толғандыратын ең өзекті мәселелерді ұдайы көтеріп келеді. Қаламгерлер қарапайым азаматтардың мүддесін қорғап жұртшылыққа тек шынайы әрі сапалы ақпарат таратады.