Қарағанды қаласында түсініксіз жағдайда екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, 18 және 15 жастағы облыс тұрғындары жалдамалы пәтерден табылған. Алдын ала деректер бойынша, денелерінен сыртқы зорлық белгілері анықталмаған.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеудің барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД.
Департамент өкілдері тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жариялауға болмайтынын атап өтті. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.