Қарағанды облысы

Қарағанды облысында пойыздардан дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысында пойыздардан дизель отынын жүйелі түрде ұрлап келген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

 

ІІМ мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 17 адам ұсталып, олардың әрекеттеріне байланысты 28 ұрлық дерегі тіркелген.

 

Тінту барысында шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресейде жоғалған атыс қаруы, 26 оқ-дәрі, жеті ұялы телефон және есірткі заттары тәркіленген.

 

Бұл істі тергеу Қарағанды облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, ҰҚК облыстық департаменті, көліктегі полиция департаментінің Қарағанды – Сұрыптау желілік бөлімі және облыстық көлік прокуратурасының қолдауымен жүргізілді.

 

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Барлық жаңалық