Жаңалықтар

Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

- Мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отырғандай, тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардың қайырмалдықтары да мақсатсыз жұмсалып жатады. Мұның жарқын мысалдарының бірі – бұл жағдай. Бірақ бұл жалғыз мысал емес, басқа да жағдайлар бар. Бұл – ең даулысы шығар. Мұндай шығындарды бақылауда ұстау және ашық ету үшін осы механизмдерді заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет. Құқық қорғау органдарының негізінде бізге нақты ұсыныстар беріледі деп ойлаймын, - дейді Олжас Абайұлы Үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бектеновтің сөзінше, алдағы уақытта мұндай істердің алдын алу шаралары заңнамалық тұрғыда қолға алынуы мүмкін.

Барлық жаңалық