Ақмола облысының прокуратурасы аңшылар мен балықшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды Оzgeris.info.
Шара барысында аңшылық пен балық аулаудың заңдылығы, браконьерлікке жол бермеу және табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Прокуратураның мәліметінше, 2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін шамамен 400 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркелген.
Құзырлы орган өкілдері аңшылар мен балықшыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырды.