Жаңалықтар

Песков Ресей ядролық қаруды қашан қолданатынын айтты

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елге қауіп төнген жағдайда ядролық қаруды қолданатынын айтты, деп хабарлайды "ozgeris.info". Бұл туралы Дмитрий Песков CNN телеарнасына мәлімдеді.
– Ресейдің ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ядролық қаруды оның өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана қолдануды қарастырады, – деді Песков.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Брюссельде өтетін НАТО саммитінде альянсқа мүше елдер Ресей химиялық, биологиялық, кибер немесе ядролық қару қолданатын болса, олар қалай әрекет ететінін талқылайды. Сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байден Путиннің Украинаға химиялық қару қолдануға баруы мүмкін екенін ескертті.  

 "ozgeris.info".

Барлық жаңалық