Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жақын арада басталады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, қазіргі уақытта тараптар істің материалдарымен танысу үстінде.
– Арнайы белгіленген кесте бар. Танысу процесі 9 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Одан кейін 3 күн ішінде тараптар өтініш білдіре алады, ал ары қарай 10 күннің ішінде прокуратура істі сотқа жолдау туралы шешім қабылдайды, – деді Елемесов.
Ол сондай-ақ бұл іс бойынша күдікті ретінде екі адамның – Перизат Қайраттың анасы мен қызының – өтетінін нақтылады.