Полиция Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконың жеке басын анықтады. Ол 25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде құқықтық баға берілген әрекеттерге жол берген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Осы факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, материалдар жинап, істі сотқа жолдады. 29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полицияның мәліметінше, оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді.
Ведомство бұл ретте «Заң және тәртіп» қағидаты барлығына бірдей қолданылатынын атап өтті.