Ақмола полицейлері болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Щучинск қаласында екі адам қаза болған өртке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
— Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті азамат үйді қасақана өртеген. Өрт кезінде онда тұрып жатқан ерлі-зайыпты қаза тапқан, — деп түсіндірді ведомство.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.