Шоу-бизнес

«Балаларынан безіп кетті»: Жанель Мақажан экс-күйеуінің былығын ашты

«Балаларынан безіп кетті»: Жанель Мақажан экс-күйеуінің былығын ашты

Актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылхан жайлы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Айтуынша актер Абай Асылхан 3 айдан бері қыздарына материалдық тұрғыда көмектеспей, жауапкершіліктен қашып жүр. 

"Бұлай сторисқа шығамын деп, 10 ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бірақ, рас, 3 айдан асты әкесі қыздарына моральдық, материалдық көмек көрсетіп жатқан жоқ. 2-сурет: 2-3 ай бұрын қыздардың әкесі кеткен кезде нянсясын, тамағын, садиғын, киім кешек, барлық материалдық жағдайын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Бірақ, қыздарды қаржылай қамтамасыз ету қажет екенін қанша айтып жеткізгім келгенмен, тыңдамаған сөз жетім болып тұр. Неше той, іс шара жүргізіп жатқанын ұзын құлақтан естіп жатырмыз. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүр екен. Маған тіпті фото, видеоларын сыртынан жіберіп жатқан адамдар бар. Сол себепті өзіме мықты адвокат іздеймін. Ақшасын жасыратын, басқа да заңға қайшы мәселелерді ашуға тура келетін сияқты. Бірақ мен оны оған ескерткенмін, амал қалдырмай тұр. Жалпы еркекті танығың келсе, ажырасыңдарда көресің деген ұғым бар. Біздің жағдайымыз сол сөздің дәлелі болып тұр. 3-сурет: Достар, сіздерден көмек сұрамаймын. Қандай да бір іс шарада қыздардың әкесін көрсеңіздер маған фото, видео жіберсеңіздер, өтініш. Өйткені баланы дүниеге әкеліп, оның барлық жауапкершілігінен қашқан адамды, адамгершілікпен түсінбесе, онда заң қолдану керек деп ойлаймын. Дәл бұл адамнан мен бұндай қуйтұрқы әрекетті күтпеген жоқпын. Алайда өмірде бәрі болатынына көзім жетті", - деп жазды ол. 

Барлық жаңалық