Шоу-бизнес

"Немерем әкесінің соты туралы білмейді": Жанабыловтың анасы көптің жүрегін ауыртты

"Немерем әкесінің соты туралы білмейді": Жанабыловтың анасы көптің жүрегін ауыртты

Астанада отбасылық блогерлер Жанәбіловтардың сот отырысы жүріп жатыр. Блогердің анасы аталған жағдай бойынша алғаш рет өз шындығын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды. 

«Ерболат балам мектептегі концерттер мен жиналыстарды ешқашан жібермейтін. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл жолы келе алмады.

Немерем қазіргі болып жатқан жағдайларды, әкесінің сотта отырғанын білмейді. Сондықтан әкесінің жоқтығын білдіртпей, өзім барып қолдау көрсетіп жүрмін.

Біздің отбасымызға қолдау білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын көп рақмет.
Маған да оңай емес. Күндіз түні балаларым үшін дұға жасап жүрмін», — деп жазды анасы.

Барлық жаңалық