Шоу-бизнес

"Мақпал апасынан сыйлық алды": Блогер Ырысбала керемет жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

"Мақпал апасынан сыйлық алды": Блогер Ырысбала керемет жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Блогер Ырысбала Икрамбай қызының туған күнін жақындары арасында атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Рената қызғалдағымыздың туылған күні құтты, берекелі болсын! Жанымызға жақын жандармен жақсы тілегімізді айтып,әдемі бас қосу болды!", - деді ол. 

Сондай-ақ әнші Мақпал Жүнісованың қызына ерекше сый жасағанын да айта кетті. 

"Ең кереметі халықтың сүйіктісі, көптің қошеметіне бөленген халық әртісі, өзім ерекше сыйлап құрметтейтін Мақпал апасынан сыйлық алды. Бағы мен бақыты, таланты жұғысты болсын деп ықыласпен ниеттендім.
Біздің отбасыға деген әппақ ниетіңізге мың алғыс, Алла ұзақ ғұмыр берсін. Сыйлап келген, қуанышымызға ортақтасып келген баршаңызға Алланың нұры жаусын,баршаңызды сыйлаймын,жақсы көремін!", - деп алғысын айтты ол. 

Барлық жаңалық