Шоу-бизнес

“Көпбалалы әке болғанын қаладым”: Әнші Өмірқұл Айниязовқа әйелі тоқал алып бергісі келген

“Көпбалалы әке болғанын қаладым”: Әнші Өмірқұл Айниязовқа әйелі тоқал алып бергісі келген

Әнші Өмірқұл Айниязов пен жары Фарида Айниязова отбасындағы ауыр сынақ туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Фарида Айниязова “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында тұңғыш ұлдары Нұртуғаннан кейін 21 жыл бойы бала сүйе алмағанын айтты. Оның сөзінше, денсаулығына байланысты қиындықтар туындаған.

“21 жыл күттік. Сол сынақтан өттік. Оңай болған жоқ. Қиын кездер де, түсінбеушілік те болды. Бірақ ұстасқан қолымыз ажыраған жоқ. Тағы да ана боламын деген сезім мені алға жетеледі”, – дейді ол.

Айтуынша, араға 21 жыл салып Айсезімді дүниеге әкелсе, кейін Айсұлтан туған.
Сондай-ақ Фарида Айниязова бала сүйе алмаған кезеңде жұбайына тоқал алуды да ұсынғанын жасырмады.

“Өмекеңнің көпбалалы әке болғанын қаладым. “Сен үшін бәріне дайынмын” деп айттым. Бірақ ол кісі “сенсіз өмірімді елестете алмаймын” деді”, – деп еске алды ол.

Әншінің жары бүгінде мұның бәрін Алланың сынағы деп қабылдайтынын айтты.

Барлық жаңалық