Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің өмірден өту сәті туралы оның жұбайы Бағдат Әшімова еске алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оның айтуынша, өнер иесінің жағдайы күтпеген жерден күрт нашарлаған.
«Үш минутқа дейін сөйлеп отырды. “Белім ауырып тұр, кеудеме беріп тұр, біраз жата тұрайыншы” деді. Жатқан соң “басымды көтерші” деп өтінді. Бірнеше рет көтердік… Сосын көзін жұма салды. Өзі де аңғармай қалды», – дейді Бағдат Әшімова.
Сондай-ақ ол актердің бұл сәтте өмірден өтемін деп ойламағанын атап өтті.
«Кетемін деп ойлаған жоқ. Жасанды дем бердік, жүрекке массаж жасадық. Бірақ бәрі өте тез, небәрі үш минут ішінде болды», – деді ол.