Қоғам

Жол ережесін 306 рет бұзған астаналық ақыры қамалып тынды

Жол ережесін 306 рет бұзған астаналық ақыры қамалып тынды

Астана қаласының прокуратурасы мониторинг жасап,  «Hyundai Palisade» автокөлігінің жүргізушісін анықтады, ол тек биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет елемеген, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның 169 құқық бұзушылығы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда ол автобус жолағымен жүрген.   Ағымдағы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары оның «Ұлы Дала» даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген. 

Құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.   Аталған тәжірибе прокуратура мен полиция органдарының үйлестірілген жұмысы шеңберінде сот тәртібімен жүзеге асырылуда.

Бұл жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуге және жолдардағы аса қауіпті әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік береді.  

Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік екенін есте ұстауға шақырады.

 

 

Барлық жаңалық