Сарапшылардың зерттеуі нәтижесіне сәйкес жастардың ең көп электоралдық белсенділігі 2019 жылы Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау кезінде байқалған. 2020 жылы республикалық деңгейде электоралдық процестердің болмауының салдарынан біршама төмендеген.
2021 жылы көрсеткіштің өсуі ҚР Парламент VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын және ҚР мәслихат депуттарының кезекті сайлауын өткізуіне байланысты болды.
Өңірлік бөлу тұрғысынан алсақ, қала жастарына қарағанда ауылдық жерлерде тұратын жастар сайлауға қатысуға көбірек дайын (айырмашылық 8 және одан көпті құрайды).
Өңірлік тұрғысынан қарап электоралдық белсенділікті қарастырғанда Ақмола облысының (53,9), Батыс Қазақстан облысының (50,6%) жас сайлаушылары кез келген сайлауға қатысу жайлы айтқан.
Жастары төмен электоралдық белсенділік көрсеткен өңірлерде “сайлауға қатыспайтындар” бұл - Астана (44,1%), Маңғыстау (39%) және Ақтөбе (36,2%) облыстары.
Кіші жас мөлшеріндегі топтың (14-18) респонденттері ақпараттың аздығынан жастар ұйымдарының қызметіне қатыспайтындығын айтты -39,7%). Жастардың орта және аға тобы қызығушылық пен уақыттың жоқтығы жайлы айтты.
Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізгісі келетін ниеттегі жастар (57,1%), жұмыс тәжірибесі мен өмірлік тәжірибеге ие болу (34.4%), әлемді жақсы жағына өзгерту (27,3%), мансап баспалдағы бойынша көтерілу (11,7%).
“Жастар қызметкерлері қауымдастығы” ҚБ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Халықтың электоралдық мәдениетін және белсенділігін нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру” жобасы аясында бақылаушылар пулы құрылды.
Жазира Едігенова