Әлем

Израильде бүлінген әр ғимарат үшін Ирандағы 100 ғимаратты қиратамыз – Эли Коэн

Израильде бүлінген әр ғимарат үшін Ирандағы 100 ғимаратты қиратамыз – Эли Коэн

Қазір қос мемлекет арасындағы қақтығыс ушығып барады. Екі ел арасындағы ағдайдың күрделенгені сонша алпауыт елдер соғысты өз пайдасына шешкісі келіп жанталасуда, деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі мемлекет атынан жасалып жатқан мәлімдемелер де өте көп. Израиль мен Иранға қатысты соңғы жаңалықты әлем жұртшылығы қалт жібермей бақылап отыр.

Кеше ғана Израильдің энергетика министрі Эли Коэн Иранға қарсылығын білдірді. Ол "Израильде қираған әрбір ғимарат үшін Иранда 100 ғимарат қиратылатын болады" деп мәлімдеген.

Коэннің Тегеран басшылығына бағыттаған қатқыл мәлімдемесі әлемдік БАҚ-та көп талқыланды. Израиль Премьер-министрінің кеңсесі министрлерге Иран мәселесіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамау жөнінде бұйрық бергені де мәлім болды.

Жергілікті журналистер Израильдің энергетика министрі Эли Коэн Иранның түнгі зымыран шабуылынан зардап шеккен Бат-Ям қаласы маңында тексеру жұмыстарын жүргізгенін жазды.

– Иранға жасаған шабуылдардан кейін туындаған қақтығыстар аясында біз тарихи күндерді бастан кешіп жатырмыз, сондай-ақ ауыр көріністермен бетпе-бет келудеміз, – деді ол.

Израиль да, Иран да бір-біріне қарсы ауқымды шабуылдар жасап жатыр.

Осыған дейін Израильдің Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастағанын хабарладық. 

Осы жағдайдан соң Тель-Авивтегі ҚР елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасауға мәжбүр болды. 

Барлық жаңалық