Қоғам

«Ештеңе керек емес деді»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісовамен не туралы сөйлескенін айтты

«Ештеңе керек емес деді»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісовамен не туралы сөйлескенін айтты

Продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жайлы фильм түсіргісі келгенін, алайда әнші келісім бермегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мақпал, сіздің өмір жолыңызды экранға түсіруге рұқсат беріңізші деп сұрадым. Он жыл бұрын еді. Қазір қолайлы уақыт емес екенін түсінемін, бірақ күндердің күнінде сізді экранға шығарғым келеді дедім. Ол маған «ештеңе керек емес. Ешкімге ештеңе бермеймін. Ешқандай мемуардың қажеті жоқ» деп жауап берді. «Мақпал, өтінемін, жай ғана редакторға бәрін айтып беріңіз. Сіз теңдесі жоқ әйелсіз, сіз оны білуіңіз керек. Мүмкін білетін де шығарсыз» деп қолқа салдым. Біз көзі тірі кезінде ұрсып, кемсітетін, ал егер оған бірдеңе болып жатса, «ол ұлы адам екен ғой, қандай жақсы адам еді» дейтін халықпыз. Сондықтан талантты көзі тірісінде бағалайық», - деп түйіндеді Алагөзова.

Барлық жаңалық