Шоу-бизнес

Еркебұлан Тоқтар тосын әрекетімен желіні сүйсіндірді (ВИДЕО)

Еркебұлан Тоқтар тосын әрекетімен желіні сүйсіндірді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде танымал актер Еркебұлан Тоқтардың адамгершілігін көрсеткен бейнежазба кеңінен таралуда деп жазады Оzgeris.info. Кадрларда жол үстінде кездескен бейтаныс ер адам актерге баласының онкологиялық дертке шалдыққанын айтып, емделуіне көмек сұрайды.

 

Ер адамның айтуынша, балаға шұғыл ем қажет болып, ол Еркебұлан Тоқтардан 25 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау сұраған. Алайда актер тек сұралған сомамен шектелмей, қалтасындағы бар ақшасын түгел беріп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

 

Бұл әрекет желі қолданушылары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Көпшілік актердің кең пейілі мен жанашырлығын жоғары бағалап, жылы лебіздер мен алғысқа толы пікірлер қалдыруда.

 

Барлық жаңалық