Қоғам

Экс-премьер министр Серік Ахметов тойда ұл балаға бата берді (ВИДЕО)

Экс-премьер министр Серік Ахметов тойда ұл балаға бата берді (ВИДЕО)

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің тойда жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда экс-премьердің ұл балаға бата бергенін көруге болады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ұл баланың анасы Серік Ахметовтен баласы бата алғанын мақтанышпен жеткізген. 

Серік Ахметов 2012-2014 жылдары Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарған. Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі және Қорғаныс министрі болған.

2015 жылы Ахметов жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот оны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және өкілеттігін асыра пайдаланды деп таныған. Ахметов сот барысында өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.

Кейін оның жазасы қайта қаралды. Ахметов мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 2,2 млрд теңге төлеген. Нәтижесінде бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан 8 жылға қысқартылды. 2017 жылы жазасының қалған бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, ол колониядан босап шықты.

Ал 2021 жылы Серік Ахметов жазасын толық өтеп, қылмыстық-атқару жүйесінің есебінен шығарылған.

 

Барлық жаңалық