Жаңалықтар

Экс-министр қайтыс болды

Экс-министр қайтыс болды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Қазақ КСР-нің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов дүниеден озды, деп хабарлайды Ozgeris.info. Ол 1987-1990 жылдар аралығында денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Кейін президент аппараты мен Қазақстан министрлер кабинетінде сектор меңгерушісі және бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Ізмұхамбетов Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған.
Барлық жаңалық